"Бавария" мен "Ювентуста" ойнаған футболшыны қамауға сот үкімі шықты

©Readfootball

Бразилия соты танымал футболшы Дуглас Костаны қамауға алуға үкім шығарды. GZH ақпараты бойынша, ол бұрынғы әйеліне алимент төлемеген. 

Жартылай қорғаушыны еліне келгенде темір тор күтіп тұр. Ал адвокаты сот шешіміне қарсы наразылық білдірмек. 

Дуглас Коста Бразилиядағы "Гремио" футбол клубының түлегі. Кейіннен Донецкінің "Шахтер" клубына ауысқан. "Бавария" мен "Ювентуста" ойнаған. Қазіргі таңда АҚШ-тың "Лос-Анджелес Гэлакси" командасында доп тебеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport