"Бавария" командадан кетемін деп мәлімдеме жасаған шабуылшы Роберт Левандовскидің орнын басатын футболшы іздестіруде. Қазіргі уақытта клуб польшалық шабуылшының орнына "Наполи" шабуылшысы Виктор Осимхенге назарын аударыпты, деп жазады Corriere dello Sport порталы.
Дереккөзің ақпараты бойынша, Левандоскидің мәлімдемесінен кейін "Бавария" италиялық "Наполиге" 23 жастағы нигериялық шабуылшыны сатып алу үшін ұсыныс жасаған. Қазіргі уақытта "Наполи" шабуылшыны 100-110 миллион еуроға бағалап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Осимхенге бірнеше ағылшындық клуб қызығушылық білдірген. Олардың қатарында "Арсенлан", "Манчестер Юнайтед" және "Ньюкасл" болды.
Transfermarkt порталы Виктор Осихенді 60 миллион еурлға бағалап отыр. Шабуылшының "Наполи" командасымен 2025 жылдың маусымына дейін келісімшарты бар. Биыл ол италиялық команда сапында 32 кездесуге қатысып, 18 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.