"Бавария" командасы Садио Маненің ауысқанын ресми хабарлады

©"Бавария" ФК

Мюнхэндік "Бавария" командасы "Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы Садио Маненің ауысқанын ресми хабарлады. 

Жартылай қорғаушымен келісімшарт 2025 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. 

"Мане - әлем футболының жұлдызы. Оның "Баварияға" ауысуы Бундеслиганың да деңгейін көтереді. Жанкүйерлер дәл осындай мықты футболшылардың ойынын көруге келеді. Оливер Кан мен Хасан Салихамиджич бастаған басшыларымыз Садио Манені өз қатарымызға қоса алғанына қуаныштымыз", - делінген клубтың ресми сайтында. 

Айта кетейік, Садио Мане осыған дейін австриялық "Зальцбург", ағылшындық "Саутгемптон" командасында ойнады. 2016 жылы ол "Ливерпуль" командасына ауысты. Бұл клубтың сапында ол 269 кездесуге қатысып, 120 гол соғып, 48 нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар