Футбол
3 мамыр 2022 18:22

"Бавария" командасы көшбасшы футболшымен келісімшартты ұзартты

©"Бавария" ФК

Мюнхэндік "Бавария" командасы шабуылшы Томас Мюллермен келісімшартты ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

32 жастағы футболшы 2024 жылғы маусымның соңына дейін жаңа келісімшарт жасады. Мюллер "Бавария" командасының тәлімгері. Transfermarkt порталы бұл футболшыны қазір 25 миллион еуроға бағалап отыр. Шабуылшының бұған дейінгі келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталатын еді. 

Биыл Мюллер Бундеслигада 30 кездесуге қатысып, 7 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. 

Томас Мюллер 2010 жылдан бері Германия құрамасына шақырту алып келеді. Ол ұлттық құрамада 110 кездесуге қатысып, 42 мәрте гол соқты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport