"Бавария" Қазақстан құрамасының экс-бапкерінің командасын ірі есеппен ұтты

©vseprosport.ru

Чемпиондар лигасының 3-турында "Бавария" өз алаңында Пльзеньнің "Викториясын" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Альянц Аренадағы" матчта немістер жауапсыз бес гол салды.

"Бавария" сапында Лерой Сане (7, 50-минут), Серж Гнабри (13-минут), Садио Мане (21-минут) және Эрик Максим Шупо-Мотинг (59-минут) көзге түсті. Осы жеңісінің арқасында "баварлықтар" 9 ұпаймен көш бастады.

Еске салайық, "Виктория" (Пльзень) клубының бас бапкері Михал Билек 2019-2020 жылдары Қазақстан құрамасын және 2020 жылы "Астана" командасының тізгінін ұстады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар