"Бавария" қатарынан оныншы рет Германия чемпионы атанды

©Soccer.Ru

"Бавария" 2021/22 жылғы маусымда мерзімінен бұрын Бундеслиганың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

31-турда мюнхендіктер ең басты қарсыласы - дортмундтық "Боруссияны" өз алаңында 3:1 есебімен ұтты. Жеңімпаздар сапында Серж Гнаброи ('15), Роберт Левандовски ('34) және Джамал Мусиала ('83) гол салды."Боруссия" құрамынан 52-минутта Эмре Джан пенальтиді сәтті орындады.

Осылайша, чемпионат аяқталуға үш тур қалғанда турнир кестесінің көш басындағы "Бавария" 75 ұпай жинап, 63 баллы бар "Боруссияға" өзін қуып жетуге мүмкіндік қалдырмады. 

"Бавария" оныншы рет қатар Германия чемпионы атанып отыр, ал турнирді жалпы 32 рет ұтқан. Команданы былтырдан бері германиялық маман Юлиан Нагельсман жаттықтырады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар