Мюнхендік "Бавария" қысқы трансферлік кезеңде "Галатасарайдың" бұрынғы шабуылшысы Мауро Икардиді қатарға қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бавария" тегін шабуылшы таптыBild басылымының мәліметінше, Германия чемпионы команданың шабуылшысы Харри Кейннің ұзақ уақытқа қатардан шыққанына алаңдаулы. Мюнхендік клубқа ағылшын футболшысы толық қалпына келгенше оның орнын баса алатын тәжірибелі шабуылшы қажет, ал кейін оны қосалқы құрамдағы ойыншы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, Икарди қолайлы үміткер саналады.
"Бавария" басшылығы 2026 жылдың жазынан бері клубсыз жүрген 33 жастағы аргентиналық футболшыны шақыруды қарастырып жатыр. Бұған дейін шабуылшы "Галатасараймен" жаңа келісімшарт жөнінде ортақ шешімге келе алмаған. Футболшы ұзақ мерзімді келісімшарт пен бұрынғы айлығындай, яғни 10 миллион еуродан асатын еңбекақы талап еткен.
Гол соғуға шебер шабуылшыӨткен маусымда аргентиналық футболшы Түркия чемпионатында 31 матч өткізіп, 14 гол соғып, бір нәтижелі пас берген.
Сондай-ақ Икарди "Сампдория", миландық "Интер" және "Пари Сен-Жермен" клубтарындағы өнерімен танымал. Аргентиналық шабуылшы Италия чемпионатының (2014/15 жылғы маусымда - 22 гол, 2017/18 жылғы маусымда - 29 гол) және Түркия чемпионатының (2023/24 жылғы маусымда - 25 гол) үздік сұрмергені атанған. Сонымен қатар ол 2017/18 жылғы маусымда А сериясының, ал 2023 жылы Түркияның үздік футболшысы деп танылды.
Аргентина құрамасы сапында шабуылшы сегіз матч өткізіп, бір гол соққан.
Кейн үш айға дейін алаңға шықпайдыЕске салайық, Кейн "Кельнге" қарсы матчта (1:1) тобығынан жарақат алып, ота жасатқан болатын. Ағылшын шабуылшысы шамамен үш айға жуық уақыт футболдан тыс қалады деп болжануда.
Осы маусымда Кейн клуб деңгейінде барлық турнирде 16 матч өткізіп, 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.