Мюнхен "Бавариясының" футболшылары Джером Боатенг пен Леон Горетцки жаттығу кезінде жанжалдасты, - деп хабарлайды Bild.
Жанжалға қорғаушыға қатысты фол жасаған Горецка себепші болған. Осыдан кейін Боатенг әріптесінің бетінен қолының алақан жағымен ұрған. Артынша футболшылар бір-бірін балағаттаған.
Жанжалдасқан екеуін өзге футболшылар арашалап, төбелесіп кетуден сақтады. Жағдайды Роберт Левандовски, Томас Мюллер пен бас бапкер Ханс-Дитер Флик реттеуге тырысқан.
Боатенг пен Горецка жаттығу соңына дейін бір-бірімен сөйлеспеген көрінеді. Дегенмен клуб басшылығы футболшыларды жазаға тартпайтын сияқты.