"Бавария" ЧЛ-ден шығып қалған соң бапкердің өміріне қастандық ойлайтындар көбейген

©GLOBALLOOKPRESS

Германия чемпионатының көшбасшысы "Бавария" Чемпиондар Лигасынан шығып қалған соң бас бапкер Юлиан Нагельсманға әлеуметтік желіде шабуыл жасаушылар көбейген. Бұл жайында Goal сайты мәлімдеп отыр.

Турнирдің ширек финалында қос матчта "Вильярреал" "Бавариядан" (0:1, 1:1) басым түсті.

"Мені онсыз да жан-жақтан сынайтынын білемін. Алайда инстаграм парақшама күніне 450 адамнан сені өлтіреміз деген хабарламаны алу оңай емес", - дейді Нагельсман.

Еске салайық, немістің басты командасын орта жолда қалдырған "Вильярреал" енді Чемпиондар Лигасының жартылай финалында "Ливерпульмен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: