Футбол
Бүгін 09:53

"Бавария" Чемпиондар лигасындағы матче "Реалды" ұтып кетті

©"Бавария" ФК

Мюнхендік "Бавария" Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы сырт алаңдағы ойында мадридтік "Реалды" ұтып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтіп, 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Ойынның есебі 41-минутта ашылды - мюнхендіктердің вингері Луис Диас мергендігімен көзге түсті.

Екінші тайм бастала салысымен, 46-минутта Англия құрамасының капитаны Харри Кейн "Баварияның" басымдығын еселей түсті.

Алайда 74-минутта мадридтіктердің шабуылшы Килиан Мбаппе есеп айырмасын қысқартты. Соған қарамастан, алаң иелері матчтың есебін теңестіруге қауқар таныта алмады.

Қарымта кездесу 16 сәуірге қараған түні Мюнхендегі "Альянц Арена" стадионында өтеді.

Айта кетейік, 1/8 финалда "Реал" ағылшындық "Манчестер Сити" клубын екі ойынның қорытындысы бойынша 5:1 есебімен жеңген болатын. Ал "Бавария" италиялық "Аталанта" командасын жалпы 10:2 есебімен тас-талқан еткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport