"Бавария" Чемпиондар лигасында "Барселона" рекордын бұзды

Сурет: football24.ua

"Бавария" Чемпиондар лигасында "Барселона" рекордын бұзды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Мюнхендік клуб 1/8 финалда "Лационы" өз алаңында 2:1 есебімен ұтты. Римде өткен бірінші ойын да 4:1 есебімен немістердің пайдасына аяқталған. Осылайша, "Бавария" Чемпиондар лигасының ширек финалына өтті. 

OptaJean мәліметінше, "Бавария" Чемпиондар лигасы тарихында ширек финалына 19-шы рет өтіп отыр, бұл турнирдің жаңа рекорды. Мұның алдына "Барселона" 1/4 финалға 18 рет шыққан екен. Ал биыл каталондықтар 1/8  айналымда "Пари Сен-Жермен" командасынан ұтылып қалды. 

Еске салайық, "Бавария" Чемпиондар лигасы өткен маусымының жеңімпазы.

Ширек және жартылай финал жеребесі 19 наурызда тартылады.