Амстердамдық "Аякстың" қорғаушысы Нуссаир Мазрауи мансабын "Баварияда" жалғастырады, деп хабарлайды журналист Николо Скира.
Дереккөздің хабарлауынша, 24 жастағы марокколық футболшы шілде айында мюнхендік клубқа еркін агент ретінде ауысады. Мазрауидің "Бавариямен" келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген және тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен жасалады. Ал оның жылдық жалақысы 4 миллион еуроны құрайды.
Еске салайық, Мазрауи 2018 жылы "Аякс" ойыншысы атанған болатын. Биылғы маусымда қорғаушы Голландия чемпионатында 23 матчқа қатысып, 5 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді. 2018 жылдан бастап Мазрауи Марокко құрамасына шақыртылуда.