1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:46
 

«Бавария» аңызы қазақстандық клубқа ауысуға қатысты шешім қабылдады

  Пікірлер

blog.share

«Бавария» аңызы қазақстандық клубқа ауысуға қатысты шешім қабылдады ©twitter.com/esmuellert_

Қазақстандық журналист Елдар Аманбаев мюнхендік «Бавария» және Германия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Томас Мюллердің «Ақтөбеге» ауысуға шақ болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық журналист Елдар Аманбаев мюнхендік «Бавария» және Германия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Томас Мюллердің «Ақтөбеге» ауысуға шақ болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, тәжірибелі футболшы «қызыл алалармен» келісімшарттың барлық тұсын алдын ала келіскен. Алайда Мюллерді Қазақстан премьер-лигасындағы (ҚПЛ) алаңдардың сапасы қанағаттандырмаған.

«Футбол жанкүйерлерінің көбі неміс футболының аңызы Томас Мюллерді жақсы біледі. Ол шабуылшы ретінде де “қызыл алалармен” барлық шарттарды келіскен. “Ақтөбе” клубының басқарма төрағасы Арман Оспанов Мюллерді Канададағы “Ванкувер” сапында ойнап жүрген МЛС лигасынан Қазақстанға көшуге жеке өзі көндірген. Бұл жағдай Нанидің трансферіне дейін болған. Алайда, өкінішке қарай, Мюллер елімізде сапалы футбол алаңдарының аз екенін білген соң, келісім жүзеге аспай қалды», - деп жазады Аманбаев өзінің Telegram-арнасында.

Томас Мюллер — неміс футболы тарихындағы ең атақты әрі ең көп жүлде иеленген ойыншылардың бірі. Оның еншісінде 30-дан астам ірі трофей бар. Соның ішінде, Германия құрамасымен 2014 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісі.

«Бавария» сапында Мюллер 13 рет Бундеслига чемпионы, екі мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы, екі рет Клубтар арасындағы әлем чемпионы, екі рет УЕФА Суперкубогының иегері, сондай-ақ, Германия кубогын алты рет және ұлттық Суперкубокты сегіз рет жеңіп алған.

2025 жылдың жазында Томас Мюллер америкалық «Ванкувер» клубына ауысып, жаңа командасымен алғашқы маусымында-ақ МЛС финалына дейін жетті.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» клубының Португалия құрамасының және «Манчестер Юнайтедтің» аңыз ойыншысы Нанимен келісімшартқа отырғаны белгілі болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!