"Бавария" 43 жылда алғаш рет ойсырай ұтылды

©DeFodi

"Бавария" Германия кубогында "Боруссиядан" ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Менхенгладбах қаласында өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Жеңімапздар сапында Брель Эмболов пен Рами Бенсебаини дубль жасады, ал Куадье Коне бір гол салды.

"Бавария" мұндай ірі есеппен 43 жылдан бері ұтылмапты - 1978 жылы "Фортунаға" 1:7 есебімен есе жіберген. Германия чемпионы соңғы рет қақпасына бес голды 2008 жылы "Вердер" футболшыларынан өткізген, бірақ, ол кезде есеп 2:5 болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport