Мюнхендік "Бавария" Харри Кейннің орнын баса алатын футболшы ретінде бельгиялық "Брюгге" клубының шабуылшысы Николо Тресольдиді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дереккөз мәліметінше, мюнхендіктер 22 жастағы шабуылшының ойынын өз көздерімен көру үшін Бельгияға бірнеше рет барған. Әлеуетті трансфер құны 40-50 миллион еуроға бағаланып отыр.
"Брюгге" шабуылшыны қыста жібермейдіБельгиялық клуб Тресольдиді 2027 жылдың қаңтарында сатуды жоспарлап отырған жоқ. Шабуылшының келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Футболшының өзі де командада кем дегенде осы маусымның соңына дейін қалуға келісіп отыр.
Сонымен қатар жазда "Брюгге" 40 миллион еуродан жоғары ұсынысты қарастыруы мүмкін. Клуб үшін "Арсеналға" ауысқан Христос Цолистің трансфері негіз болды. Бельгиялықтар бұл футболшы үшін осындай сомада қаржы алған.
Қазіргі уақытта клубтар арасында ресми ұсыныс та, ілгерлеген келіссөз де жоқ. "Баварияның" скауттары 2027 жылдың алғашқы тоқсанында Тресольдидің нәтижелерін бақылауды жалғастырады. Осыдан кейін клуб трансфер бойынша ұсыныс жасау-жасамау туралы шешім қабылдайды.
Тресольдидің статистикасыОсы маусымда шабуылшы клуб сапында барлық турнирде 17 матч өткізіп, 14 гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Ол 15 кездесуде негізгі құрамда алаңға шықса, тағы екі ойында қосалқы құрамнан қосылды.