Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек "Ақсу" командасына ауысуы мүмкін. Қазіргі таңда Тұрысбек павлодарлық клубтың қаралымында, деп жазады Meta-ratings.kz
"Ақсумен" келісе алған жағдайда бұл шабуылшының карьреасындағы оныншы командасы болмақ. Ол соңғы рет жасыл алаңға өткен жылдың мамыр айында "Жетісу" сапында шыққан болатын.
Еске салайық, "Ақсу" мен "Мақтаарал" ұжымдары Бірінші лигада сәтті өнер көрсетіп, биыл Қазақстан чемпионатына қатысады.
Бауыржан Тұрысбек Қазақстан құрамасының сапында 13 кездесуде 3 гол соққан.