Бауыржан Исламханның ресейлік клубтағы еңбекақысы мен келісім шарттары белгілі болды

12 желтоқсан 2019 10:29
© "Қайрат" ФК
Мәскеулік "Локомотив" Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Бауыржан Исламханға шынымен қызығушылық танытып отыр, - деп хабарлайды "БИЗНЕС Online".

БАҚ мәліметінше, шетелдік нарыққа жауапты скаут Андрей Лосюк 26 жастағы шабуылдаушы хавбектің өкілдерімен келіссөз өткізген. 

Исламханның кандидатурасын клубтың бас директоры Василий Кикнадзе мақұлдады. Енді оны бас бапкер Юрий Семин мақұлдауы қажет. 

Егер келісім мақұлданса, футболшыға миллион еуроға дейінгі еңбекақымен 2+1 жүйесі бойынша келісімшарт ұсынылады.

Еске салайық, жақында "Қайратпен" келісімшарты аяқталатын Исламхан "Локомотивтен" ұсыныс алғаны жайлы ақпарат тарады. Алматылық клуб сапында футболшы 2014 жылдан бері ойнап келеді. 

Жаңалықтар