Бауыржан Исламханның клубы келесі матчті көрерменсіз өткізеді

© "Аль-Айн" ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ойнайтын "Аль-Айн" клубы, БАӘ чемпионатындағы өз алаңындағы келесі матчті көрерменсіз өткізеді. 

"Фуджайраға" қарсы 18-ші тур ойыны бүгін, 5 наурыз Қазақстан астанасының уақытымен 19:30-да басталады. Стадионға жанкүйерлер кіргізбеу шешімім коронавирус індетіне байланысты қабылданды. 



Мұның алдында "Аль-Айнның" Азия Чемпиондар лигасындағы катарлық "Аль-Саддқа" қарсы өз алаңындағы матч кейінге шегерілген. Уақытты ауыстыруды БАӘ клубы сұрапты. 

"Аль-Айн" сапына Исламхан 31 қаңтарда өтіп, маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойған. БАӘ чемпионатындағы төрт матчте футболшы үш нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, ол АФК Чемпиондар лигасында екі және БАӘ президенті кубогында бір ойын өткізген. 
Жаңалықтар