Қазақстан құрамасының 29 жастағы экс капитаны Бауыржан Исламханның екі жылдық шеттеуі аяқталды, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Бүгін, 2022 жылдың 9 қарашасында жартылай қорғаушы кәсіби командамен жаттығуын бастай алады. Ал желтоқсан айында оған кәсіпқой клубпен келісімшартқа отыруға рұқсат.
Еске салайық, Бауыржан 2020 жылы "Аль-Айн" сапында жүрген уақытында допинг үшін екі жылға шеттелген болатын.
Қазақстан құрамасымен ол 46 ойынға қатысып, үш гол салған.