Бауыржан Исламхан ресми түрде кәсіпқой командамен жаттығуын бастай алады
©ҚФФ
Қазақстан құрамасының 29 жастағы экс капитаны Бауыржан Исламханның екі жылдық шеттеуі аяқталды, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Қазақстан құрамасының 29 жастағы экс капитаны Бауыржан Исламханның екі жылдық шеттеуі аяқталды, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Бүгін, 2022 жылдың 9 қарашасында жартылай қорғаушы кәсіби командамен жаттығуын бастай алады. Ал желтоқсан айында оған кәсіпқой клубпен келісімшартқа отыруға рұқсат.
Еске салайық, Бауыржан 2020 жылы "Аль-Айн" сапында жүрген уақытында допинг үшін екі жылға шеттелген болатын.
Қазақстан құрамасымен ол 46 ойынға қатысып, үш гол салған.
Жарнама