Бауыржан Исламхан ресейлік клубқа қарсы матчте ойнайды

©ҚФФ

Белгілі қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан ресейлік "Акмал" командасына қарсы жолдастық кездесуде SD Family жекеменшік клуб үшін ойнайды. Бұл туралы "Гол емес" телеграм арнасы қазақстандық команда жетекшісі Дидар Сыдықбекке сілтеме жасап хабарлады. 

"Амкал" - ресейлік блогерлердің әуесқой командасы. Клуб өз елінде танымал, ал YouTube-тегі жазылушылар саны екі миллионнан асады. 

SD Family мен "Амкал" кездесуі 11 желтоқсан "Астана Аренада" өтеді. Басталуы 18:00.

Еске салайық, Исламхан 2020 жылы 16 қыркүйекте допинг-тесттен өте алмай, екі жылға шеттелген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport