Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Қайрат" сапында жаттығу жасайды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Instagram желісінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Баторидің (Бауыржан Исламханның - еск.) бұрынғы клубы оған көмектесіп, оның қаңтарда командамен жаттығу туралы өтінішінен бас тартпады. Допинг қолдану бойынша Исламханның футболдан шеттетілуіне қатысты CAS-та өтініші қаралғанға дейін алматылықтармен бірге жұмыс істейді", - деп жазды Қожахмет.
Еске салайық, 24 желтоқсанда Бауыржан допинг қолданғаны үшін екі жылға футболдан шеттелген болатын. Исламхан 18 қыркүйекте Азия чемпиондары лигасындағы "Әл-Саддқа" қарсы матчтан кейін допинг-сынақтан өте алмаған.