Бауыржан Исламхан карьерасын жалғастыратын клуб аталды

Сурет: "Аль-Айн"©
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны арабиялық "Аль-Айн" клубымен келісімшартын ұзарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа келісімшарт ұзақ мерзімге жасалмақ. Қазақстандық жартылай қорғаушы карьерасын Ресейде жалғастырмақ еді, алайда, РПЛ клубтары маусым аяғын күтіп отыр. Футболшы алу мәселесін осыдан кейін ғана қарастыра алады. 

Алдағы күні "Аль-Айн" Исламханмен келісімшарт туралы ресми хабарлайды.

Еске салайық, мұның алдында 27 жастағы футболшы "Аль-Айн" үшін он матчта бір гол салған. Ал осы айдың ортасында арабиялық клуб келесі маусымға дайындығын бастайды. 

Жаңалықтар