Футбол
4 мамыр 2020 14:00

Бауыржан Исламхан енді арабиялық клуб үшін ойнай алмайды

Сурет: "Аль-Айн" ФК
БАӘ кәсіпқой лигасы мен футбол қауымдастығы жергілікті чемпионатты жалғастыру бойынша мәлімдеме жасады. "Аль-Айн" сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан бұл команда үшін енді ойнай алмайтын сияқты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Жағдайды билік өкілдерімен сараптап, БАӘ кәсіпқой лигасы футбол қауымдастығымен бірге жарыстарды тамызда жалғастыру туралы шешім шығарды", - делінген лига сайтында. 

Бауыржан Исламханның "Аль-Айн" клубымен келісімшарты 2020 жылы 30 маусымда аяқталады, енді ол келісім ұзартылса ғана ОАЭ чемпионатының аяғына дейін ойнай алады. 27 жастағы қазақстандық футболшы "Аль-Айн" сапына 31 қаңтарда өткен. Исламхан арабиялық клуб үшін ойнаған он матчте бір гол салып, үш нәтижелі пас берді.