1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
9 ақпан 16:51
 

Бауыржан Исламхан 7 дүркін чемпионмен келісімшартқа қол қойды

  Пікірлер

blog.share

Бауыржан Исламхан 7 дүркін чемпионмен келісімшартқа қол қойды ©"Астана" ФК

32 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның болашағына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

32 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның болашағына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, Исламхан бұған дейін айтылғандай павлодарлық "Ертіс" клубына ауыспайды. Ол "Астанамен" келісімшартын ұзарту жөнінде келісімге келіп, БАӘ-де өтетін оқу-жаттығу жиындарында елордалық командаға қосылады.

Айта кетейік, футболшы жарақатына байланысты 2025 жылғы маусымды толықтай өткізіп алды. Соған қарамастан, ол "Тұран", кейінірек "Астана" клубының ойыншысы ретінде тіркелген болатын.

Исламхан карьерасында "Тараз", "Кубань" (Ресей), "Қайрат", "Астана", "Аль-Айн" (БАӘ) және "Ордабасы" клубтарында ойнаған. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 56 матч өткізіп, төрт гол соққан.

"Астана" - Қазақстанның 7 дүркін чемпионы. Өткен маусымда команда ҚПЛ турнирлік кестесінде екінші орынға тұрақтады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!