Футбол
29 қыркүйек 15:25
 

"Батыл боламыз". Уразбахтин "Реалдың" осал тұстарын тапқан

  Пікірлер

blog.share

"Батыл боламыз". Уразбахтин "Реалдың" осал тұстарын тапқан ©"Қайрат" ФК

"Қайрат" клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында мадридтік "Реалға" қарсы өтетін алдағы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Қайрат" клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында мадридтік "Реалға" қарсы өтетін алдағы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рафаэль Радикұлы шәкірттерінің қарсыластың әлсіз тұстарымен білетінін айтып, команда батыл ойнауға ниетті екенін жеткізді.

"Бұл матч – біз үшін тарихи. Клуб үшін, футболшылар мен бапкерлер үшін де маңызды. Бұл – әдеттегі ойыннан бөлек, ерекше кездесу. Біз бұл сәтті асыға күттік, футбол мерекесі Алматыға келіп жетті. Мұндай ұлы клубтың – "Реалдың" келгеніне өте қуаныштымыз. Матчты үлкен үмітпен және толғана күтіп отырмыз.

Біз "Реалдың" барлық емес, бірақ, соңғы бес кездесуін қарап шықтық, соның ішінде клубтық әлем чемпионатында ПСЖ-мен болған ойынды да. "Атлетикодан" жеңілу? Ондай жағдайлар болып тұрады, біз оған аса мән берген жоқпыз. Ол матчта олар сәл басқа жүйе қолданды, мүмкін, қиындық соған байланысты туған шығар.

"Реал" секілді клубтың кемшіліктері аз екені түсінікті. Бірақ мұқият талдай отырып, біз кейбір ұсақ әлсіз тұстарын байқадық. Оны қалай қолдану – ол енді біздің мәселе. Біз алаңға үмітсіз команда ретінде шықпаймыз, батыл болуымыз керек.

Шынымды айтсам, мен Хаби Алонсоның жанкүйерімін, оның "Байердегі" ойындарын көп көрдім. "Реалда" оның шабуылдық әлеуеті әлдеқайда жоғары. Менің ойымша, ол әлі барлық тактикалық идеяларын толық жүзеге асырған жоқ", – деді Уразбахтин.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!