Басымдығы анық немесе "Астана" Еропа Лигасының бірінші матчінде "Валеттадан" несімен асып түсті

 © "Астана" ФК
"Астана" Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінің өз алаңындағы ойында "Валлеттаны" ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын барысына мальталық команданың ұзақ сапардан келуі әсер еткен болуы да мүмкін - 17 сағат. Сонымен қатар, қонақтарға жасанды газон да үйреншікті емес. Қалай болғанымен олар барлық тұсынан ойсырай ұтылды: қақпаға соққылар саны 24-5 (ернеуіне 12-3), бұрыштан берілген доп саны 5-2, қағып жіберілген доп саны 2-7, ескерту алу 1-0, фолдар 19-10.  

Қазақстандық клуб толық басымдығы бола тұра ережені қарсыласынан көбірек бұзған, ескерту де алды. Қалай дегенмен қарымта ойында Роман Григорчук жаттықтыратын команда плей-офф кезеңіне жолдама ала алады деген үміттеміз. Ары қарай өткен жағдайда команда "Сараево"(Босния) - БАТЭ (Беларусь) жұбының жеңімпазымен ойнайды. 

Айта кетейік, енді қарымта матч 16 тамызға қараған түні Та-Калиде өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.
Жаңалықтар