"Басы істемейді". ПСЖ-ның экс ойыншысы Месси туралы ашық айтты
ПСЖ клубының бұрынғы ойыншысы Жером Ротен аргентиналық Лионель Мессидің қылықтарын сынға алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
ПСЖ клубының бұрынғы ойыншысы Жером Ротен аргентиналық Лионель Мессидің қылықтарын сынға алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Месси жаттығудан кетіп қалғаны есетріңізде ме... Клуб мұны жасырып, аяқ жарақатына байланысты деді. Бұл дұрыс емес. Ал шынына келгенде ол "мырзаға" жаттығуда ұсынылған дүниелер ұнамай қалыпты. Оның басы жұмыс істемейді. Ол шешінетін орынға барып, душқа түсті де, кетіп қалды. Бұл оның бапкер мен командаластарын қаншалықты сыйлайтынын көрсетеді. Ол жаттығу темпін өзгерткісі келетін. Таңғысын жаттықысы келмейтін. Таңғысын жаттығу дұрыс емес дейтін. Біз түстен кейін жаттығумыз керек деп шықты. Бапкерлер штабы көнбеді. Бұл оның икемделгісі келмейтінін, өз дегенін істегісі келетінін көрсетеді", - деп береді Ротеннің сөзін RMC Sport.
Жарнама