Қазақстан астанасында өткен ойын 1:2 есебімен "Партизан" пайдасына аяқталды.
Чемпионатта да, Еурокубоктарда да жақсы ойын көрсету үшін теңдей ойнайтын екі құрам керек. "Астанаға" тың ойыншылар жетпеді. Ол үшін үнемі ротация жүру қажет. Команда басшылығын сөгуге келмейді. Олар қажеттісін таңдайды. Осы маусымда чемпионатта текетірес өте мықты.
"Қайрат" пен "Тобыл" жеңіске ұмтылуда. Чемпионатта біз басқа "Астананы" көретінімізге сенімдімін. Егер осы жарыста жеңіске жетсе, Еурокубоктардағы сәтсіздік кешіріледі. Әрине, топтық кезеңде жақсы орында болып, өз алаңында "Манчестер Юнайтедпен" жақсы ойын көңілге жағатын еді. Алайда мұның бәрі екінші орындағы мақсаттар. Чемпионат - міне басты мақсат, өйткені Чемпиондар лигасы арқылы Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту жеңіл. Сондықтан "Астана" чемпионатты басты мақсат еткені түсінікті", - деп атап өтті Есмағамбетов.