"Бавария" және Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Хави Мартинес мадридтік "Реалдың" қаңтар басында Хаби Алонсо қызметінен кеткеннен кейінгі күрделі ахуалына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен “Реалда” нақты не болғанын білмеймін. Хаби Алонсоға хабарлама жаздым, бірақ ол жауап бермеді - сол күндері телефонын өшіріп тастаған болуы мүмкін.
Мен оның Мадридте міндетті түрде жетістікке жететініне сенімді едім, алайда, ол ерекше орын, ерекше клуб. Менің ойымша, тіпті Гвардиоланың өзі де ол жерде табысқа жете алмас еді.
Бұл командада ойыншылар өздерін еркін сезінуі керек. Моуринью мен Анчелотти секілді жұмыс істеу қажет. Футболшылармен байланыс орнатып, оларға еркіндік беру маңызды. Тіпті ойында белгілі бір деңгейде бассыздық (анархия) болуы тиіс. Олар алаңда еркін ойнауға мүмкіндік алуы керек", - деді Мартинес.
Еске салайық, Хаби Алонсоның отставкасы 12 қаңтарда ресми түрде жарияланған болатын. Испаниялық маманның орнына мадридтік клубтың тізгінін Альваро Арбелоа алды.