Футбол
Кеше 09:49

Баспен ұрды. "Қайрат" матчі алаңдағы жаңажыртыспен аяқталды

©Трансляциядан кадр

Алматылық "Қайрат" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында бірінші жолдастық матчін өткізді. Қазақстан чемпионы босниялық "Борац" клубымен ойнады. 

Бұл ойында есеп ашылмады. Ал матч соңында "Борац" ойыншысы пенальтиді сәтсіз орындады. 

Матч аяқталысымен екі команданың ойыншылары арасында жанжал басталды. Бәрі "Қайрат" футболшысының қарсы команда ойыншысын баспен ұрғаннан кейін басталды. 

"Борац" - Босния және Герцеговина чемпионы. Клуб Конференция лигасының плей-офф кезеңіне бірден өтіп, еурокубоктарда өзін жақсы көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport