Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатында Аргентина көшбасшысы Лионель Месси туралы қойылған сұраққа эмоциялы түрде жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Роналду Месси жайлы әңгімені жалғастырғысы келмеді
Бұл жағдай Португалия мен Өзбекстан арасындағы K тобының матчынан кейін болды. Кездесу португалиялықтардың 5:0 есебіндегі ірі жеңісімен аяқталды. Роналду дубль авторы атанып, командасының жеңісіне зор үлес қосты.
Ойыннан кейін журналистер шабуылшыдан Лионель Мессидің қазіргі әлем чемпионатындағы өнері туралы сұрады. Алайда португалиялық футболшы сұрақты толық тыңдамай, өзінің назарын тек ұлттық құрамаға аударып отырғанын аңғартты.
"Басқаларға түкіргенім бар. Мбаппе де гол соғып жүр, Холанд та...", - деді Роналду микс зонадан кетіп бара жатып.
? Cristiano Ronaldo when asked once again and again about Messi: “I couldn’t care less about others... Mbappé also scored”. pic.twitter.com/yNrz6p3GhX
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) June 24, 2026
Португалия топ бастап тұр
Өзбекстанды ірі есеппен жеңгеннен кейін Португалия құрамасы төрт ұпай жинап, K тобында бірінші орынға көтерілді.
Ал Өзбекстан екі турдан кейін де ұпай еншілей алмай, топтың соңғы сатысында қалып отыр. Бұл жағдай команданың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін едәуір қиындатты.
Жарнама