"Басқа қиындықтар бар". "Оқжетпес" бапкері Қазақстан чемпионатын жалғастыру туралы

Сурет: "Оқжетпес" ФК
"Оқжетпес" футбол клубының бас бапкері Андрей Карпович Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында команданың Қазақстан чемпионатын жалғастыруға дайындық деңгейі туралы айтып берді.

"Коронавируске тест тапысрдық, ешкімде анықталмады. Құжаттарды футбол федерациясына жолдадық. Матчке дайындалып жатырмыз. Бізде басқа қиындықтар бар, кей ойыншыларымыз жарақаттанып қалды. Чемпионатты бастау керек екені анық, бірақ, жалпылай жағдай қиын", - дейді маман. 

1 шілдеде қайта жалғасатын Қазақстан чемпионатында "Оқжетпес" сырт алаңда "Қызыл-Жармен" кездесу өткізеді. Маусым басында үш ойын өткізген көкшетаулық команда әзірге ұпай жинамады. 

Сонымен қоса, ҚПЛ-дің үшінші турында мына командалар да матч өткізеді: "Қайрат" - "Жетісу", "Тобыл" - "Каспий", "Қайсар" - "Тараз" және "Ордабасы" - "Шахтер". Бұл турға "Астана" қатсыпайды - "Ертіс" шығып қалғандықтан, чемпионатта барлық команда жұп құрай алмайды (11).