Футбол
20 ақпан 2020 13:58

Бас бапкерін ауыстырған "Ақтөбе" жаңа ойыншыларды сапына қосты

© "Ақтөбе" ФК
"Ақтөбе" футбол клубы ресейлік жартылай қорғаушы Эдуард Суханов және сербиялық хавбек Никола Цуцкичті сапына қосты, - деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі. 

Суханов Ресейде белгілі Юрий Коноплев атындағы орталық түлегі. 2008 бен 2009 жылдар аралығы димитровградтық "Академия", 2010 жылы подольсктік "Витязь" үшін ойнаған. Ал жазда "Рубин-2" сапына өтті. Сонымен қатар, Латвия чемпионатында өнер көрсетіп, осы елдің екі дүркін чемпионы атанған және Латвия Кубогын иеленген болатын.

Цуцкич - сербиялық "Раднички" футбол клубының түлегі. Кейін Белградтық ОФК клубында ойнады.



Айта кетейік, "Ақтөбе" үшін бұл бапкер ауыстырғаннан кейінгі сапына алған бірінші жаңа ойыншылары. 18 ақпанда команданы Алексей Петрушин жаттықтыра бастады. Өз кезегінде ол клубта бір ай ғана жұмыс істеген өзге ресейлік маман Владимир Маминовты алмастырды. 

Өткен маусымды "Ақтөбе" минус 12 ұпайдан бастап, ҚПЛ-ден шығып қалды және келесі маусымды бірінші лигада өткізеді.