Бас бапкерге ренжіген "Ливерпуль" шабуылшысы Зиданның қол астына бармақ

Сурет: Sportbox
"Ливерпульдің" форварды Садио Мане англиялық клубтан кетіп, мадридтік "Реалға" ауыспақ, - деп хабарлайды France Football. 

28 жастағы сенегалдық ойыншы Зинедин Зидан жетекішілігмен өнер көрсеткісі келеді, өз кезегінде франциялық бапкер де осыған мүдделі.

Ал негізгі себеп Манеге "Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопптың "Алтын допқа" таласта команда хавбегі Вирджил ван Дейкті қолдауы болып отырған көрінеді. Форвард сол кездегі дауыс беруде төртінші болды, ал ван Дейк екінші. 

Сенегалдық ойыншы ауысуы мүмкін тағы бір команда "Пари Сен-Жермен", дегенмен, оның басты мақсаты "Реалға" өту болып отыр. 

Маненің "Ливерпульмен" келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін. Футболшының трансферлік құны 120 миллион еуро. Биылғы АПЛ-дің 26 матчінде Мане 14 гол салып, 9 ассист жасады.