Бас бапкерден кейін "Тобыл" Қазақстан құрамасының футболшысымен қоштасты

Сурет: "Тобыл" ФК

Шабуылшы Оралхан Өміртаев қостанайлық "Тобыл" сапынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Биылғы ҚПЛ-де 22 жастағы футболшы төрт матчте ғана ойнап, бір гол салды және бір нәтижелі пас берді. Футболшымен қоштасу туралы шешімді "Тобылдың" бас бапкері қызметін атқарып отырған Александр Москаленко қабылдап отыр. Ол ЦСКА-ға кеткен Григорий Бабаянның орнын басып қалды. 

Енді Оралханды өзінің бұрынғы клубы - қарағандылық "Шахтер" шақырды. Футболшы командада жыл соңына дейін ойнамақ. 

Өміртаев Қазақстан құрамасы үшін екі матч ойнап, екі гол салған. Оның бірі 2019 жылғы Молдоваға қарсы ресми емес ойын. 

Жаңалықтар