Футбол
22 маусым 2021 12:56
 

Бас бапкерден кейін "Тобыл" Қазақстан құрамасының футболшысымен қоштасты

  Пікірлер

blog.share

Бас бапкерден кейін "Тобыл" Қазақстан құрамасының футболшысымен қоштасты Сурет: "Тобыл" ФК

Шабуылшы Оралхан Өміртаев қостанайлық "Тобыл" сапынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Шабуылшы Оралхан Өміртаев қостанайлық "Тобыл" сапынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Биылғы ҚПЛ-де 22 жастағы футболшы төрт матчте ғана ойнап, бір гол салды және бір нәтижелі пас берді. Футболшымен қоштасу туралы шешімді "Тобылдың" бас бапкері қызметін атқарып отырған Александр Москаленко қабылдап отыр. Ол ЦСКА-ға кеткен Григорий Бабаянның орнын басып қалды. 

Енді Оралханды өзінің бұрынғы клубы - қарағандылық "Шахтер" шақырды. Футболшы командада жыл соңына дейін ойнамақ. 

Өміртаев Қазақстан құрамасы үшін екі матч ойнап, екі гол салған. Оның бірі 2019 жылғы Молдоваға қарсы ресми емес ойын. 

Жарнама

Живи спортом!