Бас бапкер мен ағасы футбол командасының ақшасын жымқырғаны үшін сотталды

Сурет: Sport360

Жоғары сот жемқорлық үшін 4,5 жылға түрмеге тоғытатынын естігеннен кейін загребтік "Динамоның" бас бапкері Зоран Мамич қызметінен кететінін мәлімдеді. 

"Өзімді кінәлі сезінбесем де, соңғы үкім болса, оны қабылдаймын және "Динамоның" бас бапкері және спорт директоры қызметінен кетемін. Клубқа сәттілік пен спорттық жетістік тілеймін", - деп береді бапкердің сөзін клубтың баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда бірінші команданың бас бапкері ретінде Дамир Крзнар тағайындалғаны хабарланып отыр.

18 наурызда "Динамо" Еуропа лигасы 1/8 финалының "Тоттенхэммен" (0:2) қарымта матчін өткізеді.

Еске салайық, Здравко Мамич пен оның ағасы Зоран жемқорлық пен қылмыстық әрекет үшін тергеуде болған. Хорватия билігі оларды 2008 жылдан бері клубтан 17,3 миллион доллар жымқырып, 1,8 миллион доллар салықтан жалтарған деп айыптады. 

Бұрын клубтың спорт директоры болған Здравко Мамич 6,5 жылға сотталды.