Футбол
14 қазан 2022 14:08

Бас бапкер Қазақстан футбол федерациясымен не жайында сөйлескенін айтты

©instagram.com/kff_team

Футбодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Vprognoze.ru сайтына берген сұхбатында 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына барғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлем чемпионатын міндетті түрде тамашалаймын. Мұндай турнирлерді бапкерлер көруі міндет. Мұнда алдағы үш-төрт жылда футболдың даму бағыты қалай болатынын білдіретін тенденцияларды байқауға болады. 

Катарға бару туралы, әзірге ештеңе дей алмаймын. Қазақстанның футбол федерациясымен сөйлесіп жатырмын, мүмкіндік болса, әлем чемпионатына барғым келеді", - дейді Адиев. 

Еске салайық, Катарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығына жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport