Футбол
30 сәуір 2025 12:39

Бас бапкер "Барселонадан" шығаратын ойышылар тізімін жасады

© "Барселона" ФК

Германиялық бапкер Ханс-Дитер Флик "Барселона" құрамын өз көзқарасына қарай жасақтауға кірісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

El Nacional мәліметінше, Еуропада клубтың "қайта жандануы" туралы айтыла бастады, бірақ, жетістіктермен қатар құрам да өзгеріп жатыр. 

Пабло Торре жүйеге сай келмеді

Флик командадан шығарып тастауды сұраған алғашқы ойыншылардың бірі 21 жастағы жартылай қорғаушы Пабло Торре болды. Осы маусымда үш гол мен төрт нәтижелі пас бергеніне қарамастан, ойыншы бапкердің сенімінен шықпады. Қазір клуб оны қайтадан жалға беру мүмкіндігін қарастыруда - мүмкін тағы да "Жиронаға" жібереді.

Ансу Фати мен Пао Виктор да кететін сияқты

Мессидің ізбасары атанып жүрген Ансу Фати жарақатынан кейін бұрынғы деңгейіне орала алмады. Сондай-ақ жас шабуылшы Пао Виктор да клубтан кетуі мүмкін ойыншылар тізіміне енді. Фликтің пікірінше, бұл екі ойыншыға да "Барсадан" кетіп, өздерін басқа жерде сынап көрулері қажет.

Сонымен қатар, клуб қорғаушы Эктор Форттың, қақпашы Инаки Пеньяның және орталық қорғаушы Андреас Кристенсеннің болашағын қарастарып жатыр. Бұл ойыншылардың тағдыры маусым алды дайындық кезінде шешілуі мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport