Бас бапкер алаңнан қуылды. "Ливерпуль" АПЛ-де "МанСитиді" ұтты

©sky sports

"Ливерпуль" Англия чемпионатының 11-турында "Манчестер Ситиді" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лвиерпульдегі "Энфилд" стадионында өкен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Шешуші жалғыз голды 76-минутта Мохамед Салах салды. Ал 53-минутта "МанСити" ойыншысы Фил Федон салған гол видеоқайталаудан кейін есепке алынбады. Сонымен қоса, 86-минутта "Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопп қызыл қағаз алғанын айта кетейік. 

Бұл жеңіліске қарамастан "МанСити" 23 баллмен турнир кестесінде екінші орынды сақтап қалды, алайда, көш басындағы "Арсенал" төрт ұпай алға кетіп қалды. "Ливерпуль" 13 баллмен оннан сегізге көтерілді. 

19 қазанда өтетін келесі турда "Ливерпуль" өз алаңында "Вест Хэммен", ал келесі күні "Манчестер Сити" сырт алаңда "Арсеналмен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар