Ресей біріншілігінде өнер көрсететін "Нижний Новгород" клубының спорт директоры Игорь Кудряшов Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомконың клуб сапына ауысуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Eurostavka. Оның айтуынша футболшымен ешқандай келіссөздер жүргізілмеген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 14 маусым, яғни бүгін, Шомко Нижний Новгород қаласына барып ешқандай іріктеусіз клубпен келісімшарт жасайды деген ақпарат тараған болатын.
"Бұл ойыншыны біз білеміз. Бірақ келісімшартты есепке алмағанда, Шомкомен тіпті ешқандай келіссөздер болған жоқ. Бұл барып тұрған өтірік", - дейді Кудряшов.
Өткен маусымда Шомко "Астана" сапынан "Ротор" клубына ауысып, Ресей біріншілігнде төрт ойын өткізген еді. 30 маусымнан кейін ол тәуелсіз ойыншыға айналады. Transfermarkt порталы 31 жастағы қорғаушыны бір миллион еуроға бағалап отыр.