Футбол
19 қазан 2018 16:29
 
"Барынша тырыстық". Испаниялық бапкер "Қайраттан" кетуіне қатысты пікірін білдірді

  Пікірлер

blog.share

"Барынша тырыстық". Испаниялық бапкер "Қайраттан" кетуіне қатысты пікірін білдірді Сурет "Қайрат" ФК сайтынан

Испаниялық Карлос Феррер "Қайрат" клубының телевидениесіне берген сұхбатында бас бапкер орнынан кетуіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

43 жастағы Феррер 2017 жылдың шілдесінен бері "Қайратты" жаттықтырып келді. Оның басшылығымен алматылықтар өткен маусымда Қазақстан премьер-лигасының күміс жүлдегері атанды және Қазақстан кубогын жеңіп алды. Жақында алматылық клуб пен испаниялық бапкер келісімшартын үзді. 

"Әрине, мен келтіретін қорытынды тек жақсы жағынан. Бапкерлер штатымен бірге бұл клуб үшін чемпиондық атақты жеңіп алуға тырыстық. Команда оған лайықты деп ойлаймын. Бар күшімізді салдық, осы чемпионатты ұтуға тырыстық, өйткені биыл бізде чемпион атануға жақсы мүмкіндік болды", - дейді бапкер және "Қайрат" ол үшін Қазақстанның үздік клубы екенін атап өтті. 

Еске салайық, осы маусымның соңына дейін Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андрей Карпович "Қайраттың" бас бапкері қызметін уақытша атқарады. "Қайраттың" жаңа бапкерінің есімі маусым соңында белгілі болады. Әзірге тек оның Германиядан болатынын ғана белгілі. 

Жарнама

Живи спортом!