Футбол
15 мамыр 2025 10:01

"Барслона" футболшылары Левандовскимен бірге ойнаудан бас тартты

©"Барселона" ФК

"Барселонаның" шабуыл шебінде жағдай ушығып келеді. El Nacional басылымының хабарлауынша, каталондық клубтың көшбасшылары Ламин Ямал мен Рафинья польшалық форвард Роберт Левандовскимен бірге алаңға шыққысы келмейді, деп жазады Vesti.kz.

Жас ойыншалыр бас көтерді

Дереккөз мәліметінше, екі ойыншы да шабуыл шебіндегі негізгі орын Ферран Торреске берілуі керек деп есептейді. Олардың пікірінше, дәл осы испаниялық футболшы команданың ойын стиліне жақсырақ бейімделген және шабуылда өзара әрекеттестікті қарқындырақ жүргізе алады.

Жеке статистикасы тамаша болғанымен - 49 матчта 40 гол және 3 нәтижелі пас, Левандовски команда ішінде жиі сынға ұшырай бастады.

Жас әріптестері 36 жастағы шабуылшының доп алмаса бермейтіні және комбинациялық ойыннан да  тартынатынына наразы.

Ал 25 жастағы Торрес, гол саны жағынан польшалық бомбардирден кем түссе де (45 матчта 19 гол), шабуылда әлдеқайда икемді ойнай алады. Оның 7 нәтижелі пас беруі - осының дәлелеі болып отырғандай.

Ямал мен Рафиньяның ойынша, қазіргі таңда "Барселонаға" дәл осындай шабуылшы қажет.


 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport