"Барселонаның" тізгінін ұстауы мүмкін деген бапкерлердің тізімі белгілі болды
"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куманның орынан басуы мүмкін деген мамандардың тізімі белгілі болды. Бұл тізімді Mundo Deportivo басылымы жариялады.
"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куманның орынан басуы мүмкін деген мамандардың тізімі белгілі болды. Бұл тізімді Mundo Deportivo басылымы жариялады.
Каталониялық ұжымның тізгінін ұстауы мүмкін деген бірінші кандидат - катарлық "Аль-Саддтың" бас бапкері Хави. Сонымен қатар Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес те аталған тізімде бар.
Еске салайық, осыған дейін команда Испания біріншілігінде "Гранада", "Кадис" және "Леванте" командаларымен, Чемпиондар лигасында "Бенфика" командасына қарсы кездесуде жақсы нәтижеге қол жеткізбесе, Куман қызметінен кетеді деген ақпарат шыққан.
Айта кетейік, өткен айда "Барселона" президенті Жоан Лапорта Куманның жұмысына көңілі толмайтынын айтып еді. Бірақ ол кезде көмекшілерімен ақылдасқан президент, бапкерді қызметінен босатпады.
Жарнама