"Барселонаның" Мессиге қолданатын жазасы белгілі болды

Сурет: Sportbox
Маусым алды жиындарға қатыспаған жағдадйда "Барселона" аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиге қандай шара қолданатыны белгілі болды, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Мәлімет бойынша, клуб басшылығы Месси командамен қанша күн жиынға қатыспаса, соғұрлым айлығын қысқартып отырмақ. 

Мұның алдында Месси ПЦР-тест тапсыруға келмеген. Сонымен қоса, ол каталондық клубқа маусым алды жиындарға қатыспайтынын ескерткен екен. 

Еске салайық, 25 тамызда Месси "Барселона" басшылығына клубтан кететінін хабарлаған. Аргентиналық әр маусым соңында келісімшартты үзуге рұқсат беретін мүмкіндігін пайдаланбақ. "Барселона" футболшыны өзге командаға тегін бере салғысы келмейді, сондықтан мазақ қылғандай футболшыға 222 миллион және 1 еуро баға белгілеп қойған екен.