"Барселонаның" маусымдағы үздік ойыншысы анықталды

©"Барселона" ФК

"Барселона" жартылай қорғаушысы Педри 2021/22 жылғы маусымның қорытындысы бойынша каталониялықтардың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Клуб жанкүйерлері арасында өткізген сауалнама бойынша 19 жастағы ойыншы 30,67% дауыс жинаса, қорғаушы Рональд Араухо 27, 11% еншіледі. Ал қақпашы Марк-Андре тер Штеген 7,29% дауысқа ие болды.

Еске салайық, өткен жылы Педри "блауграна" сапында 21 матча 4 гол салып, бір рет нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар