Футбол
Кеше 09:57

"Барселонаның" Ла Лигадағы матчі сенсациямен бітті

©fcbarcelona.com

Каталондық «Барселона» Ла Лиганың 20-тур матчінде күтпеген жерден «Реал Сосьедадтан» ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сан-Себастьян қаласындағы «Реале Арена» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Жеңімпаздар сапынан Микель Оярсабаль 32-минутта және Гонсалу Гедеш 71-минутта гол соқты. Ал қонақтар құрамында Маркус Рэшфорд 70-минутта мергендік танытты. Айта кетерлігі, матчтың 88-минутында «Реал Сосьедадтың» жартылай қорғаушысы Карлос Солер қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Каталондықтар бұл ойында жеңілуге лайық болған жоқ еді. Команда гол салуға қаншама мүмкіндік жасады, алайда, іске асыру әлсіздігі нәтижеге кері әсер етті. Сонымен қатар, алаң иелерінің қақпашысы Алекс Ремиро да бірқатар эпизодта сенімді ойын көрсетті.

Бұл сәтсіздікке қарамастан, Ханс-Дитер Флик шәкірттері турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын сақтап қалды - олардың еншісінде 49 ұпай бар. Ал «Реал Сосьедад» 24 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

Келесі турда «Барселона» өз алаңында «Овьедомен» ойнайды, ал «Реал Сосьедад» өз алаңында «Сельтамен» кездеседі. Екі матч та 25 қаңтарға жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport