Футбол
Бүгін 16:58
 

"Барселонаның" келесі матчіне қатыспайтын Ламин Ямальді Қазақстанға "жөнелтті"

  Пікірлер

blog.share

"Барселонаның" келесі матчіне қатыспайтын Ламин Ямальді Қазақстанға "жөнелтті" ©depositphotos.com/mrogowski_photography

Әзербайжандық "Сабах" клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясында өтетін матч қарсаңында каталондық "Барселонаның" вингері Ламин Ямальді әзілмен түйреді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Әзербайжандық "Сабах" клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясында өтетін матч қарсаңында каталондық "Барселонаның" вингері Ламин Ямальді әзілмен түйреді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бакулік клуб "Форсаж 7" фильмінің соңғы көрінісі негізінде әзіл видео жариялады. Онда көліктердің тізгінінде "Барселона" бапкері Ханс-Дитер Флик пен Ямаль отыр. Жол айрығында бапкер Бакуге қарай бет алса, испаниялық футболшы Қазақстан қарай кетіп қалады.

Осылайша, "Сабах" футболшының сөзден жаңылысқан сәтін әзілге айналдырды. Бұған дейін Ямаль "Барселонаның" "Сабахқа" қарсы матчына билеттер ойнатылатын видеоға қатысқан еді. Сол кезде ол Әзербайжанға бару туралы айтудың орнына Қазақстан деген еді.


"Сабах" пен "Барселона" арасындағы матч бүгін, 25 қарашада өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады. Ямаль бұл кездесуге қатыспайды.

Айта кетейік, Әзербайжан клубының сапында Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!