"Барселонаның" қарызы қанша екені белгілі болды

©Барселона ФК

Әлемдегі ең танымал клубтардың бірі саналатын Испанияның "Барселонасы" ресми сайтында қанша қарызы бар екенін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Deloitte аудиторлық компаниясының мәліметінше, "каталондықтардың" нақты қарызы 1,1173 миллиард еуроны құрап отыр. Ал немістің transfermarket сайты "Барселона" футболшыларының барлығын қоса алғанда 635,50 миллион еуро деп бағалайды. Демек, клуб басшылығы өз ойыншыларын сатқанның өзінде сыртқы қарыздан толық құтыла алмайды деген сөз.

Еске салайық, өткен маусымда испаниялық клуб қаржы мәселесіне қатысты аты аңызға айналған Лионель Мессиді қатарында қалдыра алмаған болатын. Әзірге Ла Лигада 21 матч өткізген "Барселона" 35 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орында келеді. 21 ойынның 9 кездесуінде жеңіске жетсе, 8 рет тең түскен. Сонымен қатар, 4 рет жеңіліс тапқан. 22 ойын өткізген "Реал" болса 50 ұпаймен көш бастап тұр.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: